ҚАЗАҚ ЕЛІ

142 ViewsТәуелсіздік нұрымен Елім менің гүлденген. Ақындардың жырымен, Қуат алып тербелген.   Тәуелсізбіз еркінбіз, Алға қадам басатын. Қуаттанып енді біз Берекеміз тасатын.   Қазақ елі данасың, Бағалаймын асылға. Дархан байтақ даласың, Дамып жатқан ғасырда.     ҚАЗАҚ ЖЕРІ Ертеден ата-бабам қорғап өткен, Біздерге аманат қып тастап кеткен. Қадірлісің, көріктісің Қазақ жері, Сарқылмас мұра болып бізге […]

Толығырақ

САДУАҚАС САҚЫ ДАСТАНЫ

34 ViewsТұрдықұлов Сүлеймен 1925 жылы 1 қаңтарда Сарыағаш ауданы, Карл Маркс бөлімшесінде дүниеге келген. Соғыс басталғанда он алты жасқа толмағандықтан тылда қара жұмыста болған. 1942 жылы өзінің өтінішімен соғысқа аттанған. Ленинград шайқасына қатысқан. Бірнеше рет жараланып госпитальда жатқан. Әдебиетке, өнерге жақын жан соғыста ауылға хаттарын өлеңмен жолдаған. Берлинге дейін барып, елге жеңіспен оралған. Ұлы Отан […]

Толығырақ

КЕЙУАНА немесе тоқсанға келген Пернекүл ана жайында

52 ViewsБүгінде тоқсанның төріне тың күйінде шығып, немере-шөбересінің алдында ойнап-күліп отырған асыл анамыздан ұзақ жасаудың сыры неде екенін білгіміз келіп, әңгімеге тарттық. Ақ шалған самайын ақ жаулығының ішіне жасырған Пернекүл апа бір жымиып қойып, сөзін бастап кетті. – Осы қара шаңыраққа ие болған кенжетайым Нұржан 1 жасқа толар шақта қатты ауырдым. Жолдасым марқұм болған. Бес […]

Толығырақ

МӘСКЕУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН БЕСІК

64 ViewsМәдениеттің, ғылым мен білімнің орталығы саналған Ленинградта Талжан ағаның 1983-1988 жылдардағы романтикаға толы жастық шағы өткен еді. Шын мәнісінде оқудан бас алмай, ғылыммен айналыстым дегенде де жастық өмір өзіне ғана тән жалынымен өзгеше бір сезімге бой алдыратындай еді. Бір ауық аспиранттық күндерін сағынады. Бөлмелес достарын еске алады… Бөлмелестерінің бірі – Омскілік Николай Каширцев, екіншісі […]

Толығырақ

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АБЫЗ

76 ViewsХамза ағамның жанында көп жүрдім, көп нәрсені үйрендім. Ол кісі қара тілдің майын ағызатын нағыз шешен, той-жиында сөйлеп кетсе бүкіл елді ұйытатын ақсақал, ақ батасы қабыл болатын абыз, сұңғыла шежіреші, жыршы, термеші, ғажап жырау болатын. Туған еліне, халқына бір кісідей қызмет еткен Хамза қажы Тілеубайұлы Екейбаев асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы атанған тұлғалы азамат көзі […]

Толығырақ

ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН…

75 ViewsЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсе-тетін келелі ой,салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екендігі белгілі. Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам жасауымыз бен бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алыстан болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне […]

Толығырақ

ЕР ЕДІ-АУ, ЕРЕКЕҢ!

67 ViewsЕР ЕДІ-АУ, ЕРЕКЕҢ!   Дәрігер-психотерапевт, жазушы, драматург, Мәскеудегі Халықаралық Жазушылар одақтары қауымдастығының мүшесі, А. А. Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың және Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Ерсінбек Қойбағарұлы бақилық болғанына да үш жылдың жүзі толып қалыпты. Осыған орай ол туып-өскен Сайрам ауданының Көмешбұлақ ауылдық әкімдігіне қарасты Құрлық ауылындағы […]

Толығырақ

ТАРЛАНБОЗ

98 ViewsТАРЛАНБОЗ   Жұмат Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театрының ұйымшыл ұжымы абыз актер, тарланбоз талант, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртіс Мәжит Ілиясқаровтың сексен жасқа толған мерейтойын айрықша атап өтті. Облыстық мәдениет басқармасы өнер секторының меңгерушісі Ғалия Шарафиева мерейтой иесін шынайы құттықтап, сыйлығын тапсырды. Сонымен қатар ол көпшілікті өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың […]

Толығырақ

«ТОҒЫЗЫНШЫ ТАҢҒАЖАЙЫПТЫ» ТАМАШАЛАУ

136 Views“Туған жер — алтын бесігім” атты өнер мерекесінің аясында Шымкентте Мақтаарал ауданының да әдебиет, мәдениет, өнер күні өткізілді. Мереке «Шәмші әлемі» гүлзарындағы «Мырзашөл сыйы» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен бастау алды. Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Асықата халық театрының ұжымы Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі» атты спектаклін қойды. Онда қазақ қоғамындағы отбасылық қарым-қатынастар […]

Толығырақ