ӘЙ, ФУТБОЛ!

Спорт
31 Views

Футболдан

Чемпионат көріп отырғанбыз.

Ойын деп осыны айт,

Доптары зып-зып,

Өздері жып-жып.

Шетелдіктерді

Көріп үлгере алмайсың.

Ал, біздікі әйтеуір…

Футбол ма? Футбол!

Сонда ол…

Әнеу күні Алматыда

Екі команда кездесіпті.

Немерем сұрақ қойды:

— Не десіпті?

— Сөйлеспеген. Ойланбаған!

Біздің шабандоздар

Ескі әдетін қоймаған.

Алдауы, аңғырт,

Пас беруі салғырт,

Әйтеуір алаңда қаңғып жүр.

Менің ойым:

Сонда олар

Ойнай алмаса неғып жүр?

Немерем сұрады:

— Ата, аналар Алматыда алма теріп жүр ме?

— Жоқ! Доп теуіп жүр дедім.

Абырой болғанда чемпионат көріп,

Ешкім де байқамаған.

Тек фанат біреу,

«Қайрат!» «Қайрат!» – деп айқайлаған.

Айтам дә

Чемпионат өткенше

Ауа райы… басқа деп,

Футболымызды қоя тұрса қайтеді?

Біздікі қабаттасып қоймаған,

Сонда нені ойлаған?

Мәз болды ма,

Халық

Ойыншыларды шетелмен салыстырып,

Қиялында жарыстырып,

Деңгейі білініп қалды.

Құлағына қамыр боп,

Қанша сыбыс ілініп қалды.

Ұсыныс:

Біз футбол ойнауды қояйық.

Қайда кетпеген қу ақша

Шетелден бір команда сатып алайық.

Ойыншылар:

Ольга Петровна бола ма,

Әл-Асад,

Әл-Масад бола ма,

Бізге бәрібір,

Тек қазақ боп ойнасын,

Шабуылды қоймасын.

— Алдаса ше?

— Онда ақырет барын ойласын!

Сөйтіп,

(Алатау емес),

Әкеңді,

Чемпионатта бір жығып ек деп

Тарихта қалайық,

Бізге осы лайық.

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *