ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Спорт
18 Views

2020 жылғы 12 маусым мен 12 шілде аралығында футболдан Еуропаның кезекті XVI чемпионаты өтеді. Кәрі құрлықта ұйымдастырылған тұңғыш доп додасының 60 жылдық мерейтойының құрметіне оны 12 қалада өткізу жоспарланған. Ойындар Лондондағы атақты «Уэмбли» (90 000 көрерменге лайықталған), Мюнхендегі «Альянц Арена» (75 000), Бакудегі «Олимпийский» (70 000), Римдегі «Олимпийский» (72 698), Санкт-Петербургтегі осы аттас (68 134), Бухарестегі «Ұлттық» (54 851), Дублиндегі «Авива» ( 56 000), Копенгагендегі «Паркен» (51 711), Будапешттегі Ференц Пушкаш атындағы (65 156), Глазгодағы («Хэмпден Парк» (51 472), Бильбаодағы «Сан-Мамес» (53 289), Амстердамдағы «Йохан Кройф Арена» (53 052) стадиондарында өтетін болады.

2 желтоқсан күні Дублинде 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өткізілді. Кәрі құрлықтағы 55 ұлттық құрама он топқа бөлініп отыр. Әр топта алғашқы екі орынды иеленген командалар құрлық чемпионатына тікелей жолдама алады. Үздік үштікке ілінгендердің арасында тағы төрт жолдама сарапқа салынатын болады. Іріктеу бәсекелері 2019 жылғы 21 наурыз бен 19 қараша аралығында өтеді. Плей-офф кезеңінің жеребесі 2019 жылғы 22 қарашада тартылады. Бұл кездесулер 2020 жылғы 26 және 31 наурыз күндері өтеді.

Жеребе нәтижесі бойынша ұлттық құрамалар мына төмендегідей топтарға бөлінді:

А: Ұлыбритания, Чехия, Болгария, Черногория, Косово.

В: Португалия, Украина, Сербия, Литва, Люксембург.

С: Нидерланды, Германия, Солтүстік Ирландия, Эстония, Беларусь.

D: Швейцария, Дания, Ирландия, Грузия, Гибралтар.

Е: Хорватия, Уэльс, Словакия, Венгрия, Әзірбайжан.

F: Испания, Швеция, Норвегия, Румыния, Фарер аралдары, Мальта.

G: Польша, Аустрия, Израиль, Словения, Македония, Латвия.

Н: Франция, Исландия, Түркия, Албания, Молдавия, Андорра.

І: Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Қазақстан, Сан-Марино.

J: Италия, Босния және Герцеговина, Финляндия, Грекия, Армения, Лихтенштейн.

Болгариялық білікті бапкер Станимир Стоилов баптайтын Қазақстан ұлттық құрама командасының футболшыларына сәттілік тілеп, олар өнер көрсететін І тобының ойын кестесін назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз:

21 наурыз 2019 жыл

21.00* Қазақстан – Шотландия

01.45 Бельгия – Ресей

01.45 Кипр – Сан-Марино

 

24 наурыз

20.00 Қазақстан – Ресей

23.00 Сан-Марино – Шотландия

01.45 Кипр – Бельгия

 

8 маусым

22.00 Ресей – Сан-Марино

00.45 Бельгия – Қазақстан

00.45 Шотландия – Кипр

 

11 маусым

20.00 Қазақстан – Сан-Марино

00.45 Ресей – Кипр

00.45 Бельгия – Шотландия

 

6 қыркүйек

00.45 Ресей – Қазақстан

00.45 Шотландия – Бельгия

00.45 Сан-Марино – Кипр

 

9 қыркүйек

00.45 Ресей – Қазақстан

00.45 Шотландия – Бельгия

00.45 Сан-Марино – Кипр

 

10 қазан

20.00 Қазақстан – Кипр

00.45 Ресей – Шотландия

00.45 Бельгия – Сан-Марино

 

13 қазан

19.00 Қазақстан – Бельгия

22.00 Кипр – Ресей

22.00 Шотландия – Сан-Марино

 

16 қараша

20.00 Кипр – Шотландия

23.00 Ресей – Бельгия

23.00 Сан-Марино – Қазақстан

 

19 қараша

00.45 Сан-Марино – Ресей

00.45 Бельгия – Кипр

00.45 Шотландия – Қазақстан

* Астана уақытымен

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *