САҢЛАҚТАРЫМЫЗ СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАДЫ

Спорт
123 Views

Индонезияда кезекті XVIII жазғы Азия ойындары мәреге жетті. Қытай Халық Республикасы 132 алтын, 92 күміс, 65 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Жапония 74 алтын, 56 күміс, 74 қола медаль еншіледі. Оңтүстік Кореяның үлесіне 49 алтын, 57 күміс, 70 қола медаль тиді. Жарыс қожайындары 31 алтын, 24 күміс, 43 қола медальмен төртінші орынға тұрақтады. Өзбекстан 21 алтын, 24 күміс, 25 қола медальмен бесінші орынға шықты. Иран 20 алтын, 20 күміс, 22 қола медальмен алғашқы алтылыққа ілікті. Қытай Тайбэйі 17 алтын, 19 күміс, 31 қола медальмен жетінші орынға жайғасты. Үндістан 15 алтын, 24 күміс, 30 қола медальмен сегізінші орынды иеленді. Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медальмен тоғызыншы орынға табан тіреді. Корей Халық Демократиялық Республикасы 12 алтын, 12 күміс, 13 қола медальмен алғашқы ондықты қорытындылады. Екі алтын, алты күміс, 12 қола медальмен Қырғызстан 22 орынды, төрт күміс, үш қола медальмен Тәжікстан 30 орынды, бір күміс, екі қола медальмен Түрікменстан 32 орынды місе тұтты. Жалпы, 37 елдің саңлақтары медальға қол созды. Бангладеш, Бруней, Бутан, Шри- Ланка, Мальдив аралдары, Оман, Палестина, Шығыс Тимор, Йемен елдерінің спортшылары Азиададан құралақан қайтты.

Қазақстан ұлттық құрама командасында мына төмендегі саңлақтар жеңімпаз және жүлдегер атанды:

АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:

Дархан Нортаев (Астана қаласы) – джиу-джитсу, 62 келі.

Руслан Исраилов (Алматы қаласы) – джиу-джитсу, 77 келі. Ол финалда қырғызстандық Нұрсұлтан Әлімқұловты ұтты.

Гузалия Гафурова (Жамбыл облысы) – каратэ, 68 келі. Ол финалда қытайлық Тан Линлинді жеңді.

Қазақстан құрама командасы (әйелдер) – көркем гимнастика. Даяна Адырбекова, Алина Әділханова, Адиля Тлекенова 159,850 ұпай жинады. Өзбекстандықтар 155,300, ал оңтүстіккореялықтар 151,100 ұпай иеленді.

Алина Әділханова (Шымкент қаласы) – көркем гимнастика, жекелей көпсайыс, 66,800 ұпай. Өзбекстандық Сабина Ташкенбаева 65,850 ұпай, қытайлық Ятин Жао 65, 550 ұпай жинады.

Қазақстан құрама командасы (ерлер) – байдарка және каноэ есу, 500 метрге командалық жарыс, Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токарницкий, Евгений Алексеев.

Дидар Хамза – дзюдо, 81 келі.

Ольга Рыпакова (Шығыс Қазақстан облысы) – жеңіл атлетика, үш қарғып секіру (14,26 метр). Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2008 жылғы Бейжің және 2016 жылғы Рио Олимпиадаларының қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы (2006, 2010, 2014, 2018).

Бағлан Ибрагим (Қарағанды облысы) – самбо, 52 келі.

Инна Клинова (Шымкент қаласы) – байдарка және каноэ есу, 200 метрге жекелей жарыс.

Ділдәш Құрышбаева (Алматы облысы) – самбо, 68 келі. Ол қырғызстандық Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аран Эстебесовадан 4:0, жапониялық Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нацуки Томиден 2:0, монғолиялық Давасурен Мунхбаттан 3:1, финалда өзбекстандық Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Нулифар Давлетовадан 3:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрама командасы (ерлер) – су добы. Евгений Медведев, Мирас Әубәкіров, Роман Пилипенко, Юлиан Вердеш, Павел Липилин, Равиль Манафов, Михаил Рудай, Рустам Укуманов, Мұрат Шәкенов, Валерий Шлемов, Алексей Шмидер, Руслан Ахметов, Алтай Алтаев секілді жігіттерден жасақталған команда Оңтүстік Кореяны 16:9, Сингапурды 15:4, Иранды 9:5, Индонезияны 20:4, Жапонияны 8:7 есебімен ұтып, Азиаданың алты дүркін чемпионы атанды. Су добының шеберлері бұған дейін 1994, 1998, 2002, 2010, 2014 жылдары жеңістің ең биік тұғырына көтерілген болатын. 2006 жылы қола медаль иеленген.

КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:

Дидар Әмірәлі (Алматы қаласы) каратэ, 67 келі. Ол финалда кувейттік Али Абдулазизден ұтылып қалды.

Маргарита Мукашева (СҚО) – жеңіл атлетика, 800 метрге жүгіру.

Сергей және Тимофей Емельяновтар (Шымкент қаласы) – каноэ есу, 200 метрге жұптық жарыс.

Сергей Токарницкий (Астана қаласы) – байдарка және каноэ есу, 200 метрге жекелей жарыс.

Қазақстан құрама командасы (әйелдер) – байдарка есу, 500 метрге топтық жарыс, Инна Климова, Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Виктория Копьева.

Илья Голендов, Андрей Ергучев – байдарка есу, 1000 метрге жұптық жарыс.

Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы) – триатлон.

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) – бокс, 69 келі. Ол финалда өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровтан жеңіліп қалды.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрама командасының Азиадағы ту ұстаушысы Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы) – бокс, 75 келі. Финалда өзбекстандық Азия чемпионы, Азиаданың күміс жүлдегері Исраил Мадраимовтан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан құрама командасы (аралас) – дзюдо-микст. Севара Нишимбаева, Иоланта Бердыбекова, Зере Бектасқызы, Зарина Раифова, Гүлжан Исанова, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев, Дидар Хамза, Санжар Жабборов, Елдос Жұмақанов.

ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:

Кирилл Казанцев (Алматы қаласы) – велоспорт, маунтинбайк, кросс- кантри.

Дмитрий Баландин (Алматы қаласы) – суда жүзу, 50 метрге брасс тәсілімен (27,46); 4 х 100 метрлік эстафета ( Д. Баландин, Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай, Александр Варакин).

Әділбек Мусин (Астана қаласы) – суда жүзу, 50 метрге баттерфляймен.

Нұржан Сейдуәлі (Қарағанды қаласы) – джиу-джитсу, 56 келі. Ол түрікменстандық Кемаль Мередов екеуі үшінші орынды иеленді.

Нартай Кажеков (Ақтөбе қаласы) – джиу-джитсу, 69 келі. Бұл салмақ дәрежесінде қырғызстандық Торокан Багынбай-уулу чемпион атанды.

Анна Данилина, Александр Недовесов – теннис, микст, аралас жұптық жарыс.

Қазақстан құрама командасы (ерлер) – суда жүзу, эстафета.

Данияр Юлдашев (Шымкент қаласы) – каратэ, 84 келіден жоғары.

Ерсұлтан Мұзаппаров – өзбек ұлттық курашы, 90 келі.

Ризат Махашев (Алматы қаласы) – джиу-джитсу, 94 келі.

Сергей Иванов (Алматы облысы) – жеңіл атлетика, ядро лақтыру (19,40 метр).

Элина Михина (ШҚО) – жеңіл атлетика, 400 метрге жүгіру (52,63).

Надежда Дубовицкая – жеңіл атлетика, биіктікке секіру.

Виктория Зябкина, Элина Михина, Светлана Голендова, Ольга Сафронова – әйелдер эстафетасы, 4 х 100 метр.

Қазақстан құрама командасы – жеңіл атлетика, аралас эстафета, 4 х 100 метр, Светлана Голендова, Дмитрий Коблов, Элина Михина, Михаил Литвин.

Екатерина, Александра Немичтер (Алматы қаласы) – синхронды жүзу, жұптық жарыс.

Отгонцэцэг Галбадрах (Шымкент қаласы) – дзюдо, 48 келі.

Елдос Жұмақанов – дзюдо, 66 келі.

Мерей Медетов, Тимур Хайдаров – каноэ есу, 200 метрге жұптық жарыс.

Гүлжан Исанова – дзюдо, 78 келіден жоғары.

Айжан Жылқыбаева – самбо, 48 келі.

Бейімбет Қанжанов – самбо, 52 келі.

Әлібек Зекенов – самбо, 90 келі.

Артем Захаров – велотрек, 4000 метрге жекелей жарыс; омниум.

Пирмаммад Алиев – батуттан секіру.

Қазақстан құрама командасы (әйелдер) – регби-7. Анна Яковлева, Дюдмила Коротких, Балжан Қойшыбаева, Құндызай Бақтыбаева, Нигора Нурматова, Олеся Теряева, Светлана Ключникова, Вероника Степанова, Дарья Ткачева, Карина Проскурина, Ева Беккер, Влада Однолеток.

Индонезиядағы жоғары спорттық жетістіктері үшін қазақстандық саңлақтарға берілетін қаржылай сыйақы мөлшері:

Алтын медаль иегерлеріне – 10 мың доллар, күміс медаль иегерлеріне – 5 мың доллар, қола медаль иегерлеріне – 3 мың доллар. Дәл сондай сома олардың бапкерлеріне төленетін болады.

Ә. ДОСЫБЕК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *