ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

Кездейсоқ жаңалықтар
231 Views

Бекқали деген досым айтады. Ауылдарында Айқынбай деген қырсық мінез қария бар екен. Мұның қай жері қырсық деп жүрген ғой. Бірде әлгі ақсақалдың үйіне жұмыспен барса, теледидарда судыраған жүргізуші ертеңгілік жаттығудың пайдасы, отырып-тұру, басты оңға, солға бұру туралы айтып жатса керек.

– Балам-ай, басқа каналға бұра салшы, – депті кіріп барған досыма. Ауыстырса онда «салатқа помидор турап, қаймақ құйып жеген дұрыс. Десертке лимон салып, бал қосқан шай ішіңіз. Бұл холестерині аз, әсіресе жасы келген адамдарға пайдалы» – деп жатса керек.

Сөйтсе Айқынбай ақсақал:

– Ей, жазған-ай! Болса қалай жеуді сенен сұрамас едік. Жоқ қой сол. Өшір! – депті қатқан нанмен қара шайын қозғап жатып.

«Не дерімді білмей қалдым. Расында қырсық десе, қырсық шал екен» – дейді Бекқали досым.

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *