МЕРЕЙЛІ МАТЕМАТИК

Білім Құттықтаймыз
62 Views

Түркістан облысында бүгінде білімділігімен, біліктілігімен еңбек етіп, жастар тәрбиесінде ерекше үлес қосып жүрген ұстаздар көп. Солардың бірі – Ордабасы ауданы, «Ақбұлақ» жалпы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Гульзия Анламасова дер едік.

Гульзия Касымханқызы 2016 жылы 8 тамыз – 21 қазан аралығында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтаған. Куәлік №001263, сертификат №002285 (Берілген күні 2016 жылғы 07 қараша). «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДДБҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтаған. Сертификат №006437 (Берілген күні 2016 жылғы 11 қараша). Қазіргі таңда мектеп тренері қызметін атқаруда.

«PISA Халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» курсын оқыған (сертификат № 0120140, 17 қазан 2014 жыл).

Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Оқытудың интербелсенді әдістемесін сабақтарда қолдану» атты курсын оқыған. Сертификат №301115-45, берілген күні 26 желтоқсан 2015 жыл.

2014-2015 оқу жылында «Самұрық» зияткерлік сайысынан 5 сынып оқушысы Балнұр Жарылқасын ІІ орын иеленіп дипломмен марапатталған. 2015-2016 оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан 9-сынып оқушысы Арай Арызбай ІІІ орынды иеленді (№3406). «Самұрық» зияткерлік сайысынан 10 сынып оқушысы Эльмира Бектурганова ІІІ орын, Арайлым Шарап І орын иеленіп, дипломдармен және медальмен марапатталған. Оқушыларым жүлделі орындарға ие болғаны үшін аудандық және облыстық Алғыс хатпен марапатталған.

Әр оқу жылында математика пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына оқушыларыммен бірге қатысып отырған. 2018 жылы NIO олимпиадасына 5 оқушысы олимпиадаға қатысып 1,2 дәрежелі дипломдармен марапатталды, осы нәтижеге байланысты алғыс хат алған.

2016-2017 оқу жылының басында оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мақсатында М. Әуезов атындағы ОҚМУ мен «Ақбұлақ» жалпы орта мектебі арасында біріккен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасауына ықпал еткен. Нәтижесінде ОҚМУ-нің жаратылыстану факультетінің оқытушысы Әуесхан Бүркіттің жетекшілігімен оқушылармен «Алтын қима» (10 сынып), «Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы» (8-сынып) тақырыптарында шығармашылық жұмыспен айналысуда.

2016 жылы аудандық «Заманауи сабақ – жеке тұлғаны дамыту сабағы» тақырыбында өткен сырттай әдістемелік фестиваліне қатысып, жүлделі ІІ орын иеленген. Тіркеу №1440

Edulife.kz сайтына «Оқытуда оқушылардың жетістігін бағалаудағы қалыптастырушы бағалау түрлерін енгізу», «Оқу үдерісін жоспарлауда ОүБ қолдану әдістемесі», «Туындыны функцияны зерттеуге қолдану», USTAZ tilegi, infourok.ru сайттарына да «Туындыны функцияны зерттеуге қолдану», «Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту», «Тригонометрия әлеміне саяхат», «Тригонометриялық функциялардың туындылары», «Ондық бөлшектерді бөлу», «Логарифмдік теңдеулер», «Жай бөлшектерді қосу және азайту», «Көңілді тапқырлар» тақырыптарында бірнеше сабақтары жарияланып, сертификаттар мен алғыс хаттар, құрмет грамотасын алған.

«Ұстаз жаршысы» газетінің 2013 жылғы 11 ақпан №3 (159) номерінде «ҰБТ-те стереометрия курсында кездесетін кейбір есептерді шығару тәсілдері», 2015 жылғы 7 шілде №14 (222) номерінде «Цилиндр айналу денесі. Цилиндрдің қимасы 2015 жылғы 9 қараша №23 (231) нөмерінде «Тригонометриялық теңдеулерді шешу» тақырыптарындағы сабақтарым, аудандық «Ордабасы оттары» газетінің 2016 жылғы 20 тамыз №37 (7339) нөмерінде «Бала тәрбиесі ұстаз қолында» тақырыбындағы мақаласы жарияланған. «Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау концепциясы — 2» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясының материалдары атты жинақтың 306-309 беттерінде «Математика сабағында интербелсенді тақта құралдарын қолдану негізінде көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі» атты еңбегі жарық көрді және сертификатталды (Берілген күні 17 маусым 2016 жыл). Осы еңбегі жинақталып, әдістемелік құрал дайындап шығарған. «Математиканы оқытуда интербелсенді тақта құралдары көмегімен көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі». Оқу әдістемелік құралы, 160 бет, Шымкент, ОҚМУ 2017 жыл, хаттама №8 2017 жылғы 10 наурыз күні бекітілді. Авторлары: Анламасова Г. К., Оспанов С. Б., Бүркіт Ә. Қ. Шаминова Б. А..

«Математика пәнінен жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» , 5-сынып, 2018жыл,Құрастырғандар: Анламасова Г., Оспанов С., Джуватаев А., оқу-әдістемелік құрал облыс көлемінде таратылды.

«Ұлт ұстазы» республикалық ғылыми-әдістемелік шығармашылық журналы грамотамен марапаттады. Мемлекеттік тіркеу №15945-Ж, Астана қаласы – 2016 жыл, №01491

Аудандық мұғалімдер арасындағы спартакиадада арқан тартудан 1-орын (23.09.2017ж), шахматтан 2-орын (29. 09. 2018 ж) алды.

«ОҚО математика пәні мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы» өткізген математика пәні олимпиадасында ІІІ орын иеленді (Шымкент 26. 09. 2016 жыл, тіркеу №03)

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы, Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеті ұйымдастырған математикадан пәндік олимпиадада 3-орын иеленіп, дипломмен марапатталды.

2018 жылы Орал қаласында ұйымдастырылған математикадан республикалық «Математикалық регата» атты топтық олимпиадаға қатысып, сертификатталды.

Осы еңбектерінің нәтижесінде 2014 жылы (№1055) және 2016 жылы (№1616) облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2018 жылы 8 қазан күні Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Математика – ақыл-ой мен есеп-қисаптың пәні. Бұл пәнді оқыту өзге пәндерге қарағанда қиындау соғатыны айтпаса да түсінікті. Міне, осындай ауыр пәнді жас жеткіншектерге жалықпай үйретуде өнегелі еңбегімен көзге түсіп жүрген ұстазды қалай мақтасақ та жарасады. Оның білімді де тәртіпті шәкірттер тәрбиелеу жолындағы алдағы еңбектерінің де жемісті болуына ізгі ниеттестігімізді білдіреміз.

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы ұлағатты ұстазды және бүкіл ұстаздар қауымын таяуда атап өтілген Мұғалімдер күнімен құттықтап, жұмысында табысты болып, биік шыңдардан көріне беруіне тілектестік білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *