ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Құқық
15 Views

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің арасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кедергілерден айығуды міндет етіп қойды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес те үздіксіз жүргізіліп келеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту мәселесі Елбасы жариялаған бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан да орын алды. Осы ұлт жоспарының 13-қадамында «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» деп нақтыланған. Аталмыш қағидаттардың нәтижесінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы қолданысқа еніп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізін құрап отыр. Осы заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа қағидалары мен механизмдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жаңа жүйесі енгізілді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жо-йып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьекті-лерінің өзара іс-қимылын нығайту қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту – бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті, жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездейсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі күн санап артып келеді.

Л. СМАИЛОВА.

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *