ЖЕЛІДЕГІ ЖІГІТТЕН

Әдебиет
92 Views

Сен отырсаң желіде онлайн боп,

Сырға толы хаттарымды жолдаймын көп.

Саған деген сезімім артқан сайын,

Жалынды жырларымды арнаймын көп.

 

Ұйқы қалып жайына баратсам да,

Мейлі таң атса да, атпаса да.

Асығамын алуға телефонды,

Ұрлана кіре берем парақшаңа.

 

Қарай берем нешеде кіргеніңді,

Білсең деймін сені қалай сүйгенімді.

Сенсіз жүрген мына ғашық жүрекпенен,

Өткіземін күнде мұңды түндерімді.

 

Сенсіз өткен күндерім қараңғылық,

Адастым ғой есімнен санам құрып.

Тек өзіңде ашар кілті жүрегімнің,

Бұл жүректе орнаған қара құлып.

 

Таусылған төзімімнің жоқ керегі,

Тек өзіңсің бұл жүректің меңзегені.

Ғашық еткен сенің сұлу жүрегіңнің,

Мен болдым ба сондағы сезбегені?!

 

Күн сайын…

Кездескенмен желіде танысқанбыз,

Жақындамыз, бірақ та алыстамыз.

Қорғансыз құлпымыздың кілттерін,

Бірімізге-біріміз табыстармыз…

Қуанышбай ҚАСЫМ-ЖОМАРТ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *