БІЛІМ САЛАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қоғам
29 Views

Шымкент қаласының білім басқармасы биылғы жаңа оқу жылын жаңа басшы және тың бастамалармен бастады. Осы орайда «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің редакциясына еліміздің қоғамдық бірлестіктерінен де пікірлер мен ұсыныстар түсіп жатыр. Басылымымыздың осы санында сол пікірлердің бірнешеуін Сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн деп таптық!

Өтеген ЖАНЫСБЕК, «Дос-демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

БІЛІМ САЛАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Биыл оңтүстік өңірінде үлкен өзгеріс болды. Түркістан облысы құрылып, Шымкент қаласы мегаполиске айналып, жаңа серпінмен жұмыс басталып отыр. Қалаға қазіргі кезде жаңа кадрлар келуде. Мысалы, білім саласына Ақерке Абылайханқызы келді. Кешегі өткен тамыз кеңесіне қатыстық. Онда қалалық білім басқармасындағы қазіргі оң істер атап өтілді. Қысқаша айтқанда, электронды білім жүйесіне ауысу, балабақшаға, мектептерге қабылдау жөнінде көп әңгіме болды.

Мектептерге мұғалімдерді қабылдау электронды жүйеде жүргізілуде. Бұл республикаға жаңа бастама болып отыр. Осы іс-тәжірибені бүкіл Қазақстанға үлгі ретінде насихаттап, сол жүйемен жұмыс жасау дұрыс болмақ. Ақеркенің білім дәрежесі, ғылыми атақтары өте жоғары екен. Онымен танысып отырмыз. Алғашқы бастамасы да жаман емес. Құдай қаласа, бірге жақсы жұмыс істейміз деп үміттенеміз. Шымкент қаласының әкімі де көптеген жобаларды іске асырып отыр.  Жерді, пәтерлерді бөлу жөнінде  қоғамдық ұйымдарды қатыстырып жұмыс жасауда. Енді осындай жолмен мәселелер шешіле берсе, әділеттілік бар жерде жақсы жұмыстар атқарылады деп сенеміз. Шымкент қаласының басшыларына, білім және басқа да басқармалардың басшыларына жұмыста табыс тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *