БІЛІМ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қоғам Құқық
19 Views

Шымкент қаласының прокуратурасы білім бағдарламаларының орындалуына және алты арнаулы орта білім мекемелеріндегі мемлекеттік тапсырысқа бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында студенттердің мүліктік құқықтарын бұзу, білім туралы заңнама, санитарлық нормалар және тағы басқа бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Бұдан бөлек, мұғалімдердің жалған дипломдармен жұмыс жасау фактілері анықталды. Осындай жеті дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталған. Мысалы, Индустриалды-техникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері 2013 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ді аяқтағаны туралы жалған дипломмен жұмыс істеп келген.

Прокурорлардың араласуы нәтижесінде «Мирас» және «музыкалық колледж» КММ-нің 586 студентіне жолақысына төленбей жүрген 2,5 млн. теңге қайтарылды. «№4 колледж» КММ 39 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылу деректері анықталған. Колледж директоры 240 500 теңге мөлшерінде ҚР ӘҚБтК 207-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тексеру нәтижесінде, 11 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 1,5 мың оқушыға (996 кәмелет жасына толмағандар, 3 жетім балдар) 7,3 млн. теңге қаржы өтеліп, 35 тұлға тәртіптік және 6 тұлға 360 мың. теңге мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *