«АСТАНА» «АПОЭЛ-ден» АЙЛАСЫН АСЫРА АЛАР МА ЕКЕН?!

Спорт
109 Views

Үшінші іріктеу кезеңінде «астана- лықтар» Хорватияның 15 дүркін чемпионы атанған Загребтің «Дина- мо» клубымен кездесті. Астанада өткен алғашқы ойында алаң иелері 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Марио Будимир (39) мен Даниэль Ольмо (84) гол авторлары атанды. Осы- лайша «Астана» алаңдатып отыр. Загребте өткен жауап кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын тағдырын шешкен жал- ғыз голды 74 минутта Марио Габ- ранович соғып, «Астана» Чемпион- дар лигасының жарысынан шеттеп қалды.

Олар плей-офф бәсекесінде Кипрдің «АПОЭЛ» клубымен кез- десті. Жеңіске жеткені Еуропа лига- сының топтық бәсекесіне жолдама алатын болады. Сөз орайы келген- де қос команда бұған дейін де өзара тоқайласқанын тілге тиек ете кете- йік. Алдымен 2015 жылы Чемпион- дар лигасының плей-офф бәсеке- сінде кездескен. Сонда өз алаңын- да 1:0 есебімен ұтып, сырт алаңда тең тарасқан (1:1) елордалық клуб топтық бәсекеге жолдама алған. 2016 жылы Еуропа лигасының топ- тық бәсекесінде 2:1 есебі екі рет қайталанған. Біріншісінде кипрлік- тер жеңіске жетсе, екіншісінде аста- налықтар басым түскен. Өкінішке орай, «АПОЭЛ» 1/16 финалға шық- қан. Биылғы Никосияда өткен ал- ғашқы кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын тағ- дырын шешкен жалғыз допты 79 минутта Георгиос Эфрем соқты. Қарымта кездесу 30 тамыз күні Ас- танада өтеді. Елордалық клуб «АПОЭЛ-ден» айласын асыра алар ма екен?!

Айтпақшы, «Астана» УЭФА Чем- пиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін 280 мың еуро, екінші кезеңі үшін 380 мың еуро, үшінші кезеңі үшін 480 мың еуро қаржылай сыйақы алды. Топ- тық кезеңге өте алмаған ел чемпио- ны ретінде қосымша 260 мың еуро иеленді. Сөйтіп, қазірдің өзінде ел- ордалық клуб 1,4 миллион еуро та- быс тауып отыр. Енді Еуропа лига- сының плей-офф кезеңінде кипрлік «АПОЭЛ-ден» жеңілген жағдайда 300 мың еуро, ал жеңіске жетсе кемінде 2,62 миллион еуро алатын болады.

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері әрі Кубок иегері Алматы- ның «Қайраты» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Сигма» клубымен кездесті. Оло- моуц қаласындағы «Андрув» ста- дионында өткен алғашқы кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен басым түсті. Мартин Сладки (21) мен Вац- лав Пиларж (50) қонақтардың қақ- пасынан саңылау тапты. Сөйтіп, «Қайрат» қапы қалдырып отыр. Ал- матыда өткен қарымта кездесуде де чехиялық футболшылар 2:1 есе- бімен жеңіске жетті. Мартин Неспор (19) мен Давид Хоушка (51) соққан голдарға «Қайраттың» мажарлық легионері Мартин Эппель (61) жал- ғыз доппен жауап берді. Тағы бір ескеретін жайт алматылықтардың сапынан алғашқы ойында Ғафур- жан Суюмбаев (38), екінші кездесу- де Жуан Фелипе (75) мен да Силва Барбоза Изаэл (90) қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған. Міне, осы- лардың бәрі Карлос Алос Феррер баптайтын клубтың Еуропа лигасы- ның бәсекелерінен шеттеп қалуына себеп болып отыр.

Ә. КЕЛЕСҰЛЫ.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *