МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХОРВАТИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ЗОРАН МИЛАНОВИЧТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Президент РК Нурсултан НАЗАРБАЕВ: «… никто не имеет права при запросе СМИ не давать информацию»
ЗАҒИПА МЕН АЗАТ ДЕТЕКТИВТЕН СОНША НЕГЕ ҚОРЫҚТЫ?

А. Қалдарова

Үстіміздегі жылдың 18 наурызы мен 1 сәуір аралығында Қызылорда қаласында өткен шахматтан 8-18 жас аралығындағы Қазақстан чемпионатында Шымкент қалалық №4 Л.Тәжиева атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 14 оқушысы қатысып, жемісті жеңіспен қайтты.

 

 

С.Муратова

Өз кезегінде шахматтың классика, рапид, блиц түрлері бойынша өрбіген чемпионатта мектеп шәкірті А. Қалдарова ақылды жүрістермен, ұтымды тәсілдермен, қарсыластарын шаң қаптырып, бәсекенің барлық түрінен бірінші орындарды иемденді. Дәл осындай жеңіспен С.Муратова да жеңімпаз болды. Сондай-ақ, Р.Жалмаханов шахматтың рапид түрінен өзгелерді тәнті етер ойын көрсетіп, жүлделі І-орында жеңіп қайтты. Осылайша мектеп қоржынына жеті бас жүлдені салған мектеп шәкірттері командалық көрсеткіш бойынша алдыңғы саптан көрініп, мектеп мерейін әжептеуір көтеріп қайтты.

Сөз соңында талантын сын сағаттарда танытып қайтқан шахматшыларға әрдайым сәттіліктер серік болсын демекпіз.

 

«Әділет-ақпарат».